Өлең ағып барады Есілменен – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Өлең ағып барады Есілменен» атты Табиғат Абаилдаев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Тарам-тарам әжім боп Аспан әрі,
Түсіреді есіме Астананы.
Көкіректің жүзінде жылдар ойнап,
Жанарынан Сезімнің Жас тамады.

Кездерімдей қатемді кешірмеген,
Сәттерімдей отымды өшірмеген.
Өмір қалып барады меніменен,,
Өлең ағып барады Есілменен.

Ренжулі, аяулы түріменен,
Ең әдемі қолдағы гүліменен.
Толқынында Есілдің тербетіліп,
Менен қашып барады Тірі Өлең!

Пенде бар ма, беу жаны сiрi мендей,
Жарасына Жанымның үңiлердей.
Ендi мен де сұлбамды сүйретем де,
Өлі өмірді сүремін тірілердей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең ағып барады Есілменен өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

Өлең ағып барады Есілменен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең ағып барады Есілменен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең ағып барады Есілменен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері