"Жарық жұлдыз Мағжанға" (М.Жұмабаевқа арнау) – Аяулым Тілеуқабыл

Бұл бетте «"Жарық жұлдыз Мағжанға" (М.Жұмабаевқа арнау)» атты Аяулым Тілеуқабыл жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қазағымның жарқыраған жұлдызы,
Мақтанардай Сасықкөлдің ұл-қызы.
Туылыпты болыс Бекен үйінде,
Сыйлы болған әділ кісі елінде.

Тәлім алған Ғалымжандай ұстаздан,
Тұлпар болып жастайынан алға озған.
Үлгі еткен Абай ата жырларын,
Мағжан- ақын, шыңға биік қол созған.

Қазақ болған жүрегінің бар мұңы,
Сол кездегі ел-жұртының тағдыры.
Шындық үшін айыпталды ұлтшыл деп,
Солай болды зор биліктің жарлығы.

Қыран бүркіт самғар қазақ көгінде,
Орны берік поэзияның төрінде.
Кемеңгерім, асыл ақын- Мағжаным
Сенім беріп, үміт артқан еліне.

Барлық ісі үлгі болған жастарға,
Өлеңдері рух береді әр жанға.
Ұмытылмай мәңгі есет болады,
Мағжан ақын, біз сияқты жас барда...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

"Жарық жұлдыз Мағжанға" (М.Жұмабаевқа арнау) өлеңінің авторы кім?

Аяулым Тілеуқабыл — осы өлеңнің авторы.

"Жарық жұлдыз Мағжанға" (М.Жұмабаевқа арнау) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

"Жарық жұлдыз Мағжанға" (М.Жұмабаевқа арнау) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аяулым Тілеуқабыл өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

"Жарық жұлдыз Мағжанға" (М.Жұмабаевқа арнау) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері