Шүкіршілік

Бұл бетте «Шүкіршілік» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.04.2021
  • 0
  • 0
  • 897
Алда талай арман бар — сағым-сонар.
Інілер бар аға дер, бағым солар.
Ата дейді, көпшілік, бұ күндерде,
Төрден орын береді, тағым болар.
Атақ та бар, абырой, байрақтарым,
Жерден мынау, шарықтап, айға аттадым.
Маған тыныш таптырмас намыс қылыш,
Қылпылдатып қойғасын, қайрап бәрін.
Жалым биік, талайлар санасарлық,
Жаным кішік, қалмадым аласарып.
Ен даламда қаншама сәлемшім бар,
Қош айтысып, ізетпен тарасарлық.
Асылық боп, кетпесін: түкір, түкір
Тазалыққа төгілді терім бүкіл
Бәрінде де саусақтың ізі жатыр,
Сатып бірін алмаппын: шүкір, шүкір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шүкіршілік өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Шүкіршілік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шүкіршілік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шүкіршілік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері