Ізде мені – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Ізде мені» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 951
Өзіңді көрмегелі, шырағым-ау,
Көзімді боталатып жыладым-ау.
Қарадым қара қошқыл бұлттарға
Нанбасаң көк аспаннан сұра мынау.
Сұрашы зікір салған кептерлерден,
Оларға шағынып ем жеткен желден.
Артыма жаутаңдадым амалым жоқ,
Өзіңе қош айтысып кеткенде елден.
Тоғайдың сырға таққан шеңгелдері,
Көгеріп қалып еді сен келгелі.
Телмірдім соларға да сырымды айтып,
Белгісіз жек көргені, жөн көргені.
Осы ма жылуы жоқ күз дегені,
Тентек жел жапырағын үзген еді.
Сағынсаң ысып-жанып, есің кетіп
Арыстың толқынынан ізде мені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері