Сен екеуміз оңаша кете бердік – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Сен екеуміз оңаша кете бердік» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 861
Сен екеуміз оңаша кете бердік,
Қолымыздан келмейтін бөтен ерлік.
Көбелектей қыз едің көп нәрсені
Қанатында қауқар жоқ көтерерлік.
Кете бердік екеуміз арман мініп,
Бірімізді біріміз алдандырып.
Аспан ғана біздерге пана болды,
Күмбезіне жағалай маржанды іліп.
Сен екеуміз далада жүре бердік,
Болмашыға баладай күле бердік.
...Қол ұстасып елеске айналдық та,
Көкжиекке ақырын сіңе бердік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері