Талықсытып талдырып

Бұл бетте «Талықсытып талдырып» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Талықсытып талдырып,
Демді жиі алдырып,
Дүниеде жоқ қылып,
Тіршілікте бар қылып.
Ерітіп те балқытып,
Шарықтатып, шалқытып,
Сүйе бердің сен мені
Арманыңда қалқытып.
Уыз тілден бал беріп,
Қу денеме жан беріп.
Жанарыма от беріп,
Тамырыма қан беріп.
Бар денемді өртеп тек,
Мына ғұмыр ертек боп.
Жанып, лаулап, лапылдап,
Қала бердім тентек боп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талықсытып талдырып өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Талықсытып талдырып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талықсытып талдырып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талықсытып талдырып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері