Дір-дір етіп жүрегім – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Дір-дір етіп жүрегім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 848
Дір-дір етіп жүрегім,
Саусағыңнан ұстадым.
Жұп-жұмсақтау білегің,
Асыл заты ұстаның.
Иығыма құлатып,
Иіскедім шашыңнан.
Жүрегімді жылатып,
Кете алмадым қасыңнан.
Батылдығым жетпеді,
Кінәлайын мен кімді
Үміт қана көктеді
Сүйе алмадым ерніңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері