Бір күн келсе ұрыссыз құр кетпеді – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Бір күн келсе ұрыссыз құр кетпеді» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Бір күн келсе ұрыссыз құр кетпеді,
Қарғысынан жүрегім дірдектеді.
Міндет етіп төбемді ояр ма екен,
Қорлығы асқан ененің міндеттері.
Осы күні ойдағы барды ұмыттым,
Алғаны рас жағамнан жарлылықтың.
Сонда-дағы мән бермей көп сөзіне,
Былғанбауын тіледім ар-құдықтың.
Қашан, апа, басылар сілкінгенің,
Айтам деген қарғыстан іркілмедің.
«О, қаңғырған бейшара адамсыған,
Киіміңді ал, құры!» деп зіркілдедің.
Көңіліме алмас ем ұрысты деп,
Күлге айналса қайтемін күміс тілек.
Қазбалайсың қайдағы мінімді айтып,
Ата жауым секілді тіміскілеп.
Ете аламын, тәңірі-ау, неге міндет,
Талай рет алыстым өлемін деп.
Өліп-өшіп қызыңа үйленгенде,
Ойлаппын ба қасірет шегемін деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері