Жауды жаңбыр терезені сабалап – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Жауды жаңбыр терезені сабалап» атты Әбілда Аймақ жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1016
Жауды жаңбыр терезені сабалап,
Сен отырдың мені даттап, табалап.
Қыстырылып шешең дағы қапталдан
Тырналайды жүрегімді жаралап.
Ұрды жаңбыр,
Терезені жылатты.
Өшірдің-ау сен мендегі шырақты.
Көзіңдегі өшпенділік оттары
Саған деген сезімімді құлатты.
Өз дегенін істеп ашу талайғы,
Тұманданды сезім-әйнек, қарайды.
Жылы жаңбыр терезені шертіп тұр,
Ал көңілде қаңтар қары борайды.
Жауды жаңбыр,
Алыстады аралық,
Құтханамда суық үрей жаланып.
Кеттім шығып,
Ештеңеден хабарсыз,
Балам қалды тәтті ұйқыға оранып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері