Айнакөл толқындары – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Айнакөл толқындары» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 695
Ардақты дос, Айнакөлде болып па ең,
Көл бетіне көз жіберіп көріп пе ең?
Жұмбақтасқа қарап па едің – сымбат тас,
Көздің жауын алған ғажап көрікпен.
Оны көрсем теңеу іздеп бір тыңнан,
Сезім баурар жүрегімді бұлқынған.
Ойға шомып қалған мұнда мүсін боп,
Ботакөздің өзі емес пе, ей, бұл тұрған?
Білсең оны Ботакөзге балап біл,
Алтын күннен дидарына тарап нұр;
Ойлы көзбен ерке айдынға – ертеңге,
Қайсар жүрек қазақ қызы қарап тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері