Жан қайда? – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жан қайда?» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 695
Түңілем бе,
жүгірем бе шалғында,
бүгін елге ұнамай да қалдым ба,—
ырызығын айырып жүр ағайын,
баяғыдай жайылып жүр мал қырда.
Тағдыр бізді күні-түні қарғай ма,
шырылдап та жүресің бе шалғайда,
Айтқаныңды хош көретін, құдай-ау,
бар-жоғыңды ескеретін жан қайда?
Жыламайсың,
құламайсың,
күлмейсің,
жұрағатқа не деріңді білмейсің.
Елім есен болғанымен,
жұртым сау,
мені де сен қай жетісіп жүр дейсің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан қайда? өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жан қайда? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан қайда? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан қайда? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері