Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың» атты Сәкен Иманасов жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 995
Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың,
аңырдым,
есімнен жаңылдым,
сағымның сынғаны осы ма,
сабылдым қаншама, сағындым!
Сабыр қыл, дедім де, сабырлым,
аңырдым,
есімнен жаңылдым,
несіне қағындың, құдай-ау,
жарығын өшіріп шамымның!
Сабылып,
санымды сан ұрдым,
сарылып,
сарғайдым,
сағындым.
Шағылып тауым да бүл күнде,
қамығып,
қара ішік жамылдым.
Не жазып, мен неден жаңылдым.
жаныма болмады-ау дамыл күн,
бойымды көтертпей бір сағат,
тұмшалап тұрғаны-ай қалың мұң!
Құдай-ай, несіне қағындың,
аңырдым, есімнен жаңылдым,
болам деп тұрғанда —
болдырмай,
оңдырмай төбемнен тағы ұрдың! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері