Кеше біз де дүбірлі дүрмекке еріп – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Кеше біз де дүбірлі дүрмекке еріп» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Кеше біз де дүбірлі дүрмекке еріп,
жұрт ішінде жүріп ек құрметтеліп.
Көп көрді ме соны да,
жек көрді ме,
қарай берді қу тағдыр күлбеттеніп.
Көп алғаным бар шығар,
аз алғаным,
келіп еді әлі де базарлағым,
бір түйіліп төбемнен бұлт үйіріп,
көрмейсің бе шіркіннің сазарғанын.
Көп көрініп кетті ме көжем менің,
көрмейсің бе көгеріп, безергенін.
Бар еді ғой әлі де бармаған жер,
баспаған тау,
балықты өзендерім.
Қона қалар деді ме кезбе бақыт,
қайда барсам,
қоймады,
көзбен атып,
Қараулардың қалтасын қалыңдатты
күні-түні малтасын езген уақыт.
Елден көрмей ернімнің кезергенін,
барлығынан біржола безер де едім,
дегеніме жеткізбес ертең мені,
желкемдегі жендеттің сезем демін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеше біз де дүбірлі дүрмекке еріп өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Кеше біз де дүбірлі дүрмекке еріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеше біз де дүбірлі дүрмекке еріп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеше біз де дүбірлі дүрмекке еріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері