Өлең, жыр, ақындар

Сұра, балам

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1376
Сұра, балам,
сұра бәрін,
сұрап ал,
сұрағанда тұрған қандай күнә бар,
ел емес пе —
қалар бірі жөн сілтеп,
ердің өзі ерегесте сыналар.
Күле кірсем,
біле жүрсем дедің бе,—
сұрағанның айыбы жоқ тегінде,
бір тойыңды тойламаған шағыңнан
дық қалмауын ойла, балам, көңілде.
Жасқа толып жүрмеуі үшін етегің,
жұрағаттан сұра бәрін жетелім:
адалдық пен арамдықтың арасын,
жақсылық пен жамандықтың не екенін.
Өмір деген —
күнде ерегес,
күнде сын,
кезігеді үндесің де күндесің,
сөз ұтысып әуре болма құрбыңмен,
өтіріктің кезі түсіп жүрмесін.
Қараңғыда жылт-жылт еткен көзі өткір,
шыға келіп жүрмесін де безеп тіл.
Сұра, балам,
сұра бәрін,
сұрап ал,
сынағалы —
сыбағалы кезек тұр.
Бұдан әрі жетпеді ме төзімің,
сұра, балам,
сұра бәрін —
тез ұғын,
оған бола кінәлаудың жөні жоқ,
білмесіңді сұрамаудың өзі мін.
Бар дертіңе туған елдің мұрасы ем
болуы үшін
сұра бәрін,
сұра сен,
Дүниемен дүрсілдетіп тең жүрегің,
көңілінде жүрсін көктем нұры әсем;
Кеудең толы құс қанаты сусылдап,
көз жасыңа жапырағын жусын бақ,
туар болсаң —
ұл болып ту, қарағым,
бақытыңды қуар болсаң —
қу шындап!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенен басқа

  • 0
  • 0

Сенен басқа,
айтам енді наз кімге,
көктем өтіп,
келіп қапты-ау жаз мүлде,

Толық

Тақырып туралы жыр

  • 0
  • 0

Таппақ болып менен де ақыры мін,
Тар, деп те жүр біреулер, тақырыбың.
Қалай ғана тақырып тар болады,
Жапаныңды жаңғыртып жатыр үнім...

Толық

Қызықтырып бара ма

  • 0
  • 0

Қызықтырып бара ма,
Қыза-қыза енді өмір,
Сыймай жүр-ау қалаға
Қырға құмар өр көңіл,

Толық

Басқа да жазбалар