Тағы да алдандым-ау, алдандым-ау – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тағы да алдандым-ау, алдандым-ау» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 901
Тағы да алдандым-ау, алдандым-ау,
жанымды қайда қоям қалған мынау!
Кім екен шыбынымды шырылдатып,
қылғынтып,
кеңірдектен салған бұрау?!
Қапыда қала беріп, өкіндім-ау,
қан болған қызыл-жоса етім мынау.
Қазіргі көңілім де, өмірім де
қарызға сұрап алған секілді лау.
Кім екен лайлаған ой тұнығын,
қайда жүр өзімдікі дейтін үнім?
Шырадай жанғаны ма қос жанарым,
жалғанның ұнамай тұр кейпі бүгін!
Амалдың құрығаны-ай, құрығаны-ай,
жебем де бұрынғыдай зымырамай,
Қайда жүр: "Қойсаңдаршы!" — дейтін адам,—
заманның кейпі маған тұр ұнамай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы да алдандым-ау, алдандым-ау өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тағы да алдандым-ау, алдандым-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы да алдандым-ау, алдандым-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы да алдандым-ау, алдандым-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері