Өлең, жыр, ақындар

Майдан

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1002
Бұл да мықты,
ол да асқақ.
Екеуінен сай бар ма,
қане, қане... қол бастап,
кім шығады майданға?..
Ал, қанеки, шық бірің,
айналаңды шаңытып,
менменсіген "мықтының"
көкесін бір танытып.
Бұлыққанда ар шұғыл,
бас көтерер кім қалды,—
ат көтіне салшы бір
азғындаған сұмдарды!
Етіп әбден елді ығыр,
кетті бірі құтырып,
көріңдерші енді бір
бет пердесін сыпырып.
Билігі бар қолында
барады елді қуырып,
кеңірдегін оның да
беріңдерші суырып.
Қанымызда құлдық бар,
айта алмадық асқақ ән,
сондықтан да сұмдықтар
құтырына бастаған.
Баса-көктеп өтті де,
басыбайлы дүлейлер,
басы жерге жетті ме,—
баяғыдан үрейлі ел.
Тәйтік тышып төріңе,
болды бәрі шерменде.
Кек әперер деді ме,
қарай берді сендерге.
Күні жақын жеңістің,
енді неден қорқасың,—
Жеркенедей жегіштің,
жұлып алшы қолқасын!
Езуінде күлкі бар,
едірейіп жендет тұр,
қылша мойнын қырқып ал,
қылышыңмен енді өткір.
Арғымақпен қағып өт
жағымпаздың үйін сәл,
арамзаның нағылет
күлкісіне тыйым сал!..
...Қос арғымақ берді ұшып,
батыр аспас бар ма бел,—
"ақымағы" жер құшып,
"ақылдысын" қарғады ел.
Кім ұтылып, кім ұтпақ —
ақыры кеп ел ұқты:
бірі жаудан бұғып қап,
бірі жұртқа сеніпті.
Есеңгіреп тұрмын ба,
ердің есіл ғұмыры-ай!
Қырық жылдық қырғында
өлмейді екен сұмырай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айта алмайтын өзінің атын айқын

  • 0
  • 0

Айта алмайтын өзінің атын айқын
әлдекімді қолпаштап, апыр-ай, тым,
хан көтеріп алдым ба қайдағы бір
бозөкпені боғыма татымайтын?!

Толық

Кенеттен ісіп-кеуіп бола қалған

  • 0
  • 0

Кенеттен ісіп-кеуіп бола қалған,
көңілім қалып-ақ тұр со балаңнан.
Тұратын басын шұлғып, "ләппайлап",
бірі еді жүгірмектің домаланған.

Толық

Інілерге реніш сөз

  • 0
  • 0

Жел өтінде тұра қалған топсыңдар,
әлі сендер көретін де кеп сын бар.
Дара құрмет дәметердей әзірге
жеке шауып жау түсірген жоқсыңдар!

Толық

Қарап көріңіз