Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

...әй, дегенмен,.. дегенмен

Бұл бетте «...әй, дегенмен,.. дегенмен» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 673
...әй, дегенмен,.. дегенмен,
бұлай бола қояр деген жоқ ем мен,
бөрі-тағдыр бебеулеген қозымды
ағытып алып кете берді-ау көгеннен.
Желідегі желкілдеген құлының,
жетегінде кете берді-ау "ұрының",
бар үмітім былай қалып бір күнде,
лайланып шыға келді-ау тұнығым!
Адал өскен алаңғасар аңғалым,
аңғармады алдында апан, жар барын,
көрген түстей болды-ау бұлдыр дүние,
енді-енді бір шыққан кезде самғап үн.
...не дейін!
Тасып келе жатқан кезде мерейім,
жыр да мына жылауыққа айналып,
у ішкендей құрғады ма көмейім!
...қолымнан да түк келмей,
бар тынысым, алқынысым біткендей,
Ашылмаған кітап еді әлі бір,
шынымен-ақ қалғаны ма түптелмей?!
...әй, дегенмен, дегенмен,
мұндай сұмдық көрем деген жоқ ем мен.
Сол күні іргем солқ етті де, құдай-ау,
жай түскендей болды бірден төбемнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

...әй, дегенмен,.. дегенмен өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

...әй, дегенмен,.. дегенмен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

...әй, дегенмен,.. дегенмен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

...әй, дегенмен,.. дегенмен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері