Қайғымды қалай ғана бүркемекпін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қайғымды қалай ғана бүркемекпін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Қайғымды қалай ғана бүркемекпін,
қарғам-ай, қарап тұрып діңкелеттің.
Ықпаған жолбарыстан жүрегімді
көжектей асыранды үркек еттің
Бір қырсық айналдырып биыл мені,
жанымның күйзелгені, күйінгені.
Бермейтін ханға сәлем қайран басым,
алдына кімнің ғана иілмеді!
Жайымды түсінбесе бір ағайын,
жалынып,
кімге барып жыланайын?
Жәудіреп бота көзі,
менен үміт,
күтеді,
күтеді әлі құралайым.
Былғанып бойтұмардай тұп-тұнығым,
ащырақ аяқ асты шықты ма үнім?
Құдай-ау, мықтылығың кімге дәрі,
күлкісіз өтіп жатса құтты күнің.
Тағдырға не жаздым деп діңкелеткен,
көрсетпей,
көздің жасын сүртем еппен.
Қарадан қорықпаған жүрегімді,
қарғам-ай, осыншалық үркек еткен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері