Жасымда – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жасымда» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 595
Жасымда
(ақыры ауыр сорға ұласып),
бір қызға құшағымды көрдім ашып...
Дерліктей,
көріктінің хас тәңірі,
өзіме басқа бірі болды ғашық.
Болмасын маған пенде сезе ме тым,
біреуі —
мені көрсе безеретін,
Біреуі —
қайда барсам қарауылдап,
соңымнан күні-түні өзі еретін.
Біреуі —
құрақ ұша күлімсіреп,
тұратын жанарымен:
"Бұрылшы!" — деп.
Біреуі —
мен дегенде кекірейіп,
Кергитін,
көргендей-ақ бірінші рет.
Менсінбей,
бедірейіп — бірі мені,
біреуі үміттеніп жүріп еді.
...Екі қыз еске түссе,
есеңгіреп,
көңілім өлі күнге бүлінеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасымда өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жасымда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасымда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасымда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері