...Осы ма хордың қызын құшқандағым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «...Осы ма хордың қызын құшқандағым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 712
...Осы ма хордың қызын құшқандағым,
табалап күлген шығар дұшпандарым,
ақынның елес қуған түсі ме бұл,
ісі ме Құдіреті Күшті Алланың?!
Тағдырдың тәлкегіне кезіккендей
кім ұғар мұндай халді өзі үптелмей,
ұшырап удай ащы мазағына,
дәл мендей азабына төзіп көрмей!
Тілім жоқ қыран қанат құспын деуге,
топ етіп түстім жерге, ұштым желге,
аңғармай талай қазақ татып көрген
қайғының қара суын іштім мен де.
Қайғының тағы ішер ем қара суын,
алармын кімнен бірақ жан ашуын?
Сандалтып,
кең далаға сыйғызбаған
тәңірмен жөн бола ма таласуым?!
Бөлісіп бет күйдірер отымды елмен,
не шығар өкінгеннен, зекіргеннен,
әп-сәтте сырт айналып шыға келді
қу тірлік — кеше ғана бетін берген.
Осы ма көкке самғап ұшқандағым,
қызығып, хордың қызын құшқандағым,
күледі-ау есалаңдар...
не шарам бар
ісіне Құдіреті Күшті Алланың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

...Осы ма хордың қызын құшқандағым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

...Осы ма хордың қызын құшқандағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

...Осы ма хордың қызын құшқандағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

...Осы ма хордың қызын құшқандағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері