Өлең, жыр, ақындар

Кемелдігі, кеңдігі

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 485
Кемелдігі, кеңдігі
алыс-жақын ағайынға белгілі,
айта алатын ел ішінің аужайын
жалғыз ақын мен шығармын ендігі.
Туысқанға не керегін,
не керек,
мен айтпасам,
кім айтады шегелеп, —
ұлықтың сөз ұқпайтынын білсек те,
есті бірі ойланар ма деген ек.
Хан қызығып қарағандай, бай күндеп,
ақындар ек,
арыстандай айбынды ек.
қынабынан суырылған қылыштай
өлең жазу болды қашан жай міндет?!
Халқым дейтін, —
Хақ жолының құрбаны
қайда бүгін сол ақындар жұрнағы? —
Өтірікке еті үйреніп бірінің,
бірі — жоқты көки беріп... тұрғаны!
Таңдайларын тақылдатып тәтті уыт,
кетті бірі мәнсап іздеп, бақ қуып.
Шаңырағы шайқалды да шындықтың,
күліп қана
сынып бара жатты уық!...
Ұмытты ма ғұрыпты да, халықты,
ондайлардың сөзі кімге дарыпты, —
біреулері бата беріп бақсыға,
енді бірі жата беріп... жалықты.
Опырыла он бөлініп ой күнде
дегбір қалмай дедектеймін кейбірде,
Осыларды айту үшін жаралған
жалғыз ақын мен шығармын деймін де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Не шығар?

  • 0
  • 0

Бүлініп біржолата ел дегенің,
не болар енді келіп жөндегенің,—
асығып азаматы айдалаға,
басынып бара жатса пенделерің.

Толық

Бақтыбай

  • 0
  • 0

Жеткен соң үнің көкке,
жырың көпке,
атағың шығыпты ғой дүрілдеп те,
көздерін бақырайтып хан-төренің,

Толық

Өзім туралы

  • 0
  • 0

Өзім туралы
Ағайын, ай мен күннің аманында,
Дұшпанның қала алмадым табанында.
Сәкен Иманасов

Толық

Қарап көріңіз