Барымның өзін бұлдауға – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Барымның өзін бұлдауға» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 575
Барымның өзін бұлдауға
базарын қимай барлық түн,
айналып көмей құрғауға,
қалайы татып, қарлықты үн.
Таңдатпай даңғыл жолды да,
құр кеткен күндер құн даулап,
көл-көсір көңіл орнына
құралай ішпес тұрды-ау қақ.
Желігім отқа семірмей,
желпінуге де жетпей дем,
Бедері кеткен өңірдей,
безере түсті бет-бейнем.
Керегім болмай тұр елге,
қай жаққа барып оңалам?
"Қой, енді, — деймін, күлем де? —
тып-тыныш жатып... демалам!"


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері