Өлең, жыр, ақындар

Мына заман қай заман — түлкі заман

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1788
Мына заман қай заман — түлкі заман,
түлкіңіздің, тәңірі-ау, сұрқы жаман,
қысылмайды түктен де, кеміріп жеп,
өліктің де біткен бе ұртына жан?!
Шайнаңдайды, шынашақ айналмайды,
тайраңдайды тәйтігі, сайрандайды,
шоқпар-ұлға бар ісін артып қойған,
тоққарынға дарысын қайдан қайғы.
Өліп бара жатқандай асап бәрі,
судай ақты қара жер — қасап қаны,
ептілері екі жеп,
кектілері
тығылады тасаға — тас атқалы.
Білсем деген бірі жоқ ер қадірін,
қайғы беріп қор етті дегдар ұлын.
Қарға адым жер бұрын да бастырмайтын,
аштырмайтын болыпты енді адымын.
Өрге шықса обыры, оңбағаны.
ол да сенің ұлтыңды қорлағаны.
Онды-солды шашады байлығыңды,
айлығыңдай өзінің дорбадағы.
Бірі тонап обырдың, бірі қолдап,
біреуі орға жығады, бірі қорғап.
Көзге де ілмей қалың ел — жай халықты,
айналыпты мақтанға ұры болмақ!
...Мына заман қай заман — түлкі заман,
түлкіңіздің, ағайын, сұрқы жаман,
ескі жұртты айналып жүріп алдық,
түгіміз жоқ әзірге күрт ұзаған!
...сұрқы жаман!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үш батыры қазақтың

  • 0
  • 0

Үш батыры қазақтың
Біреуі батырымның Момыш ұлы,
Жан еді жүрек жұтқан жаны сірі.
Сәкен Иманасов

Толық

Жалықтырды бәрі де

  • 0
  • 0

Жалықтырды бәрі де,
барлығы да —
үмітімді ұзатып таң нұрына,
жауар бұлттай түнеріп,

Толық

Туа біткен қандай көрік

  • 0
  • 0

Туа біткен қандай көрік,
тамсанумен құрғады үн.
Тамыздағы таңдай болып,
тамылжып-ақ тұрғаның!

Толық

Қарап көріңіз