Тəркi дүние. Түн қойны. Таң аясы
Бұл бетте «Тəркi дүние. Түн қойны. Таң аясы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тəркi дүние. Түн қойны. Таң аясы...
Жүк артпашы жүрекке жан аяшы –
Құшағымда жатқанда ес жия алмай
Жиырмасыншы ғасырдың Данаясы!
Арбауына айналар адам басы
Қажет пе едi алтынның маған бəсi –
Құшағымда жатқанда жанып-ысып
Жиырмасыншы ғасырдың Мадоннасы!
Инабаты,
ұлғайып iзгi лебi
Жүз қуанып, жүрегiм жүз күледi –
Құшағымда жатқанда ерiп-балқып
Жиырмасыншы ғасырдың Қыз Жiбегi!!!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі