Қарталы – Иса Байзақов

Бұл бетте «Қарталы» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2294
Арқаның асқарында асау белде,
Бәйшешек жасылданған қызыл гүлде,
Сағымын сардаланың жатыр қиып,
Оранған әсем арқа үл мен бүлде.
Қақ жарып қара тасты қардай тіліп,
Төбені төңкереді ылди қылып,
Боратып экскаватор тасты жүндей,
Жөнелді асқар белдің жонын жонып.
Қадамы қарық болған қарт Қарталы,
Ұлы орда Ұлытаудың биік жалы,
Нұраға Есілменен нұрын төгіп,
Қаратқан көкке өрлеткен Отан таңы.
Күлсем күн, тербесем нұр қойынымда,
Арқаның жүрегі мен биік шыңда,
Ендеше еркіндеген ер ұландар,
Еліңнің міндеттеген ісін шыңда.

28 апрель, 1939 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері