Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 805
Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар
Ақын жанын сен ұқпасаң кiм ұғар?
Аспанда емес,
Алты қаздың əуенi
Алты қырдың ар жағынан құмығар.
Көздерiнде көлдей мөлдiр мұңы бар
Ақын жанын сен ұқпасаң, кiм ұғар?
Қара аспанның қарс айрылып қабағы,
Жаратқанның күнi қашан жылынар?
Көмбесiнде көпке жұмбақ сыры бар
Ақын жанын сен ұқпасаң кiм ұғар?
Жан жұртымнан
(Жатып алмай ен жайлап)
Ендi қашан ерiр екен сүрi қар?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері