Ақ иықтан басталатын ақ бiлек
Бұл бетте «Ақ иықтан басталатын ақ бiлек» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Ақ иықтан басталатын ақ бiлек...»
Артығали
Ақ иықтан басталатын ақ бiлек
Базына айтты: «Басың маған батты» деп.
Қыздың елi ертегiдей ен жайлау,
Қыздың лебi қымыздан да тəттiрек!
Қыздың назы – тəндi ерiтер тəттi у-бал,
Тамсанғанға тамшысын да таттырман!
Қандай сезiм Айнамкөздiң, құдай-ау,
Қайқы қара кiрпiктерiн қақтырған?
Қыз қылығы қытықтайды ындынды,
Күйдiргiнiң күлкiсi де сыңғырлы!
Бұлыңғыр түс...
Бұлдыр-бұлдыр елестей
Қалай ғана ұмытарсың бұл күндi?!
Ақ иықтан қап-қара түн сырғиды,
Қара түнге саусақтарым сүңгидi.
Ақ бəденнiң белден бергi бедерi
Бейнелейдi беткей менен ылдиды...
Ақ иықтан басталатын ақ бiлек
Талаурады: «Таң қалай тез атты?..» деп.
...Ақбоз үйдiң түндiгiнен түрiлген
Əлде қайда көшiп бара жатты көк...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі