Жолыңа қайта-қайта қарайладым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жолыңа қайта-қайта қарайладым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1114
Жолыңа қайта-қайта қарайладым,
Татқыздың тəттi мұңның талай дəмiн...
Еркем-ау, ертегiнiң аруындай
Жүзiнен көрiнсеңшi шарайнаның.
Жел тұрса, жапырағы өлеңдетiп,
Қайыңға қарайлайды емен де тiк.
Семiрген қара суға көңiлiмдi
Қойдың ғой қара жолға елеңдетiп.
Бiлмеймiн, болдырдым ба, шаршадым ба,
Бақытқа кенелушi ем бар шағыңда.
Түнегiн түн жарымда бұзып шығып
Жүрегiм жер-жаһанға жар салуда.
Желбiреп көйлегiңнiң желге етегi
Кешiкпей, келiп кетсең нең кетедi?
Көңiлiң – мөлдiреген көл бетi едi,
Ерiнiң – елжiреген шербет едi...
Күрсiнiп ұясына Күн батты, əнi.
Маңайды келе жатыр түн жапқалы.
Жұбатар екем немен жүрегiмдi
Булыққан жас баладай құндақтағы?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері