Сарқытындай сараңның – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сарқытындай сараңның» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 618
Сарқытындай сараңның
Тағдырыңа алаңмын.
Ерте туып, кеш көрсем,
Кiмге кiнə тағармын?
Еркеленiп Күн тауға,
Етек-жеңiн қымтауда...
Ерте де емес, кеш те емес,
Көргенiме мың тəуба.
Артық айтсам, кеш, күнiм:
Сенсiз өңсiз «бес күнiм»...
Перiштенiң аузынан
Пейiш үнiн естiдiм.
Ай астында өбiскен,
Күн астында керiскен –
Пейiш үнi дегенiм,
Сенiң үнiң, Перiштем.
Ерте демен, кеш демен,
Жұмбақ бар ма шешпеген?..
Менiң ессiз халiмдi
Ешкiм бастан кешпеген!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарқытындай сараңның өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сарқытындай сараңның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарқытындай сараңның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарқытындай сараңның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері