Жаралдың қай асылдан? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жаралдың қай асылдан?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Жаралдың қай асылдан?
Бiлгiм келер...
Күн бұлтта гүлдiң де өңi күлгiнденер.
Кеседей зəмзам суы мəймiлдеген
Көзiңнiң аясында жүргiм келер.
Қай құдай бiздiң жəйдi қабыл қылды?
Менiң де жаным жапа, халiм мұңлы.
Ұқсатып құс төресi – Гүлғұзарға,
Сен үшiн жаздым, жаным, «Сағындымды...».
Саздақтан сая таппай,
Сабыр бiлмей,
Сарғайды жазға жетпей жаным гүлдей...
Жүректi мұнша неге сыздатады
Сен айтқан «сағындым ғой,
сағындым ғой...»?
Тəттi əуен тағдырымның талшығы едi –
Көрiншi,
Көз аяңа алшы менi.
Баянын алғаш көрген Қозыдайын
Бұл жүрек бағзыда бiр шаншып едi...
Сол жүрек, қалғып кеткен, қайта оянды,
/Ахуалын ақынның кiм байқай алды?../
Жаныңа жалау етiп жүршi, жаным,
Мен жазған «Апырай» жыр,
«Айхой» əндi...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері