Əкелші

Бұл бетте «Əкелші» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Əкелші,
ақ жүзіңді мен сүйейін,
Тамсанып: «Тағы, тағы келші» – дейін.
Өмір бойы көркіңді көзім керіп,
Өмір бойы еркіңді еншілейін.
Келші, келші, қарағым, тосшы бетті,
Қос ішектей шертейік қос тілекті.
Өмірімде қаншама қар еріді,
Көңілімнен қаншама көшкін өтті...
Көктем болып оралсын соның бəрі,
Ақ нөсерге айналып көңіл қары,
Ақ бетіңнен өптірші, өрімталым,
Өн бойыма тарасын өмір нəрі.
Айналайын, қысылма, бетіңді тос,
Оған аппақ қардайын ниетіңді қос, –
Бұлт бауырын жалаған жалқындайын
жанып-сөніп жай тапсын екінді кеш...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Əкелші өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Əкелші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Əкелші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Əкелші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері