Болды ғой сыз өткендей табанымнан
Бұл бетте «Болды ғой сыз өткендей табанымнан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Болды ғой сыз өткендей табанымнан,
Қар жауды, қалқам, неге қабағыңнан?
Мен де бір нəзік гүл ем...
Суық сорып,
Үзіліп түссем неттім сағағымнан?
Жылуын жанарыңның жиып алып,
Əп-сəтте кетпек пе едің үйіңе алып?
Қараймын
қабағына жаутаң-жаутаң,
Көзіме қоңыр мұңды құйып алып.
Шанасын аяз толы атқа байлап,
Арадан өткені ме ақпан ойнап,
Қалайша бір уыс боп қалар мынау,
Жайылып етек-жеңі жатқан аймақ?
Шытпашы қабағыңды,
өтінемін,
Онсыз да көлеңкелі көкірегім.
Көміліп көк теңізге қалмай ма əлем,
Төгілсе шарасынан екі көлім?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі