Бұл бетте «Қамажай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүйріктің мініп алып ұшқырына,
Елемей қытымырлау қысты мына,
Құтылып қу тірліктің құрсауынан
Тартып бір кетсем бе екен «Үшқырыма»?!
Білмейтін қауметі көп қала жайын
Ауылда – жақыным мен жамағайын.
Асаудай арыны əлі басылмаған,
Тұрады алып қашып далаға ойым...
Хал-жайы қартайғанда баладайын
Мен емей кім ойлайды ана жайын?..
Қимаған құтты ұясын қарлығаштай
Қасында қалып қойған Қамажайым.
Қалқа қыз – Қамажайдың жөні басқа.
Соқпайды соны ойласам көңіл асқа.
... «Үшқырым» – ұжымағыма ұшқым келер,
Гүл өңір,
Бұл өмірдің өңі қашса...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі