Шымқаланы сағыну
Бұл бетте «Шымқаланы сағыну» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Елде қалып жатаған үй, жалғыз жар,
Түсіме енді балауса гүл, бал қыздар...
Тал түбінде талықсыған тəнімді
Тас кенеше сорды-ау талай таңғы ызғар.
Жарлығына көндіге алмай жазмыштың
Көңіліммен көктем сүйдім, жаз құштым.
Шымқаладан Күнқалаға аттанған
Жайы осылай жаһанкезбе жазғыштың.
Арғымақтай айтақырды айналған,
Ақылына ақыреті сай болған,
Ей, Шымқала!
Құлдығыңмын мен сенің
Күндігіңе кіндігінен байланған!
Қызғалдақтай алаулаған қырдағы
Ақын əркез заман, зауал құрбаны...
Тілегіме жеткізсе екен тірімде
Жүрегіме өзің еккен жыр дəні.
Бақ пен сордай сол қасиет, сол қайғы
Анда сүйреп, мында сүйреп болмайды.
Ақындарын қадірлеген ел құтты,
Ақын жанын зəбірлеген оңбайды!
Жанарында мəймілдеген мұздай мұң
Аспандағы мұңдасымын күзгі Айдың.
Мен жыласам –
бой-бойыммен боздаймын,
Мен сағынсам –
жүрегіммен сыздаймын.
Сезімге еріп,
Серік болған Ақылға
Қыз баланың тағдыры бар ақында.
Жүз көріспей жүз жыл өтіп кетсе де,
Сен жатсынба,
Жатырқама,
Мақұл ма?!
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі