Бір күн озып бара жатыр бір күннен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бір күн озып бара жатыр бір күннен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 3793
Бір күн озып бара жатыр бір күннен
Жылатып та, жұбатып та, күлдірген...
Шер түбіне жете алмадым сүңгумен,
Жер түбіне жете алмадым дүлдүлмен.
Бір күн озып бара жатыр бір күннен,
Көкжиекке көз саламын дүрбіммен.
Өмір қашан жарылады ағынан?
Көңіл қашан арылады кірбіңнен?
Бір күн озып бара жатыр бір күннен,
Керуеніне кім ілесіп үлгірген?..
Бұлыңғыр бақ қош айтысып бұлбұлмен,
Мұңлықтардай мұңдасады гүл гүлмен.
Бір күн озып бара жатыр бір күннен,
Етек-жеңін тікенекке ілдірген.
Ақ пердемен жасырады Ай бетін,
Көк жүзіне шашылады мың бір мең...
Бір күн озып бара жатыр бір күннен,
Енді қайтып оралмасын білдірген.
Қабірімді қаусырады-ау қара жер,
Талып барып таусылады-ау құрғыр дем...
Бір күн озып бара жатыр бір күннен,
Қайда барып аялдарын кім білген...
Келе жатқан бір күн артық екен ғой
Өтіп, кетіп бара жатқан мың күннен!
Бір күн озып бара жатыр бір күннен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір күн озып бара жатыр бір күннен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бір күн озып бара жатыр бір күннен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір күн озып бара жатыр бір күннен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір күн озып бара жатыр бір күннен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері