Жел тұрмаса қимылдай ма шөп басы

Бұл бетте «Жел тұрмаса қимылдай ма шөп басы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 690
Жел тұрмаса қимылдай ма шөп басы –
Неге бүгін көңілімнің жоқ хошы?
Көлден безіп көкала үйрек, қасқалдақ,
Шыныменен ауғаны ма бастан бақ?
Көз жасыма, боз басыма боздаған
Мұздап қаны, міз бақпады көзқаман.
«Əпендіден айнымайды кейде Ақын,
Мінезіңіз беймақұлдау...» – дейді əкім.
«Өлеңіңді жүр-əй бүгін кім жаттап?» –
дейді маған бір доссымақ қылжақтап.
«Жазғаныңды кім оқиды, жазған-ау» –
Қатынның да бар тапқаны – қазбалау.
Неғылсын-ау мендей кезбе немесін,
Жинай алмай жатқан шақта ел есін.
Сенен өзге сенетін жан қалмады-ау,
Сен не дейсің Ақыныңа, Аллам-ау?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жел тұрмаса қимылдай ма шөп басы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жел тұрмаса қимылдай ма шөп басы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жел тұрмаса қимылдай ма шөп басы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жел тұрмаса қимылдай ма шөп басы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері