Ақынның қай кезде де ауыр жолы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ақынның қай кезде де ауыр жолы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1377
Ақынның қай кезде де ауыр жолы.
Қинайды қияметтік бауыр жоғы.
Арманда ақыл-ойдың азабынан
Жалғанда арқасы мен жауыр жоны.
Ақынның қай кезде де алыс жолы.
Қинайды тағдырлас дос, таныс жоғы.
Жолақ жон жолбарысқа жолықпаса,
Қайтсін ол қояныңды қамыс толы!
Ақынның қай кезде де ауыр жүгі.
Қаймана қайдан ұқсын қауым мұны.
Жарасын жүрегінің жалап жазар
Жалт ойнап жанарында жауын күні!..
Ақынның қай кезде де жаны жалғыз,
Көшпейді көзінен мұң, маңынан күз.
Тірлікте тірі екенін нағылармыз,
Өлген соң сағынармыз, табынармыз...
...Ақынның қай кезде де жаны жалғыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақынның қай кезде де ауыр жолы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ақынның қай кезде де ауыр жолы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақынның қай кезде де ауыр жолы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақынның қай кезде де ауыр жолы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері