Бұл бетте «Қиял бәйтерегі» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аспан жақтан алғызған,
Жер қойнына салғызған,
Жүре келе көктеді
Жүрегімде жалғыз дəн.
Дарағым сол дəріптер,
Көңілің соқса, барып көр.
Қабағыңмен жылу бер,
Жанарыңмен жарық бер.
Найқалсын да тербелсін,
Етек-жеңін жел керсін.
Тамырлары жетіліп,
Жеті қабат жерге енсін.
Көкке бойы шаншылсын,
Атырабы аршылсын.
...Аяғыңның астында
Жапырағы жаншылсын.
Кеңге салып іргесін
Көктем сайын бүрлесін.
Ұшарына құзғындар
Ұя салып жүрмесін!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі