Өлсем – елеспін
Бұл бетте «Өлсем – елеспін» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлсем – елеспін,
Көмсең – дөңеспін.
Келсем, неге өлдім?
Өнсем, неге өштім?
Ұрық салдырдым,
Ұрпақ қалдырдым.
Қыршын пендемін,
Тылсым тағдырмын.
Жаным сапарда,
Тəнім қатарда.
Бағым баһарда,
Балым заһарда.
Түзде өрісім,
Күзде жемісім.
Бойда салмағым,
Ойда кенішім.
Жерде мүсінмін,
Көкте құсыңмын.
Күндіз – көлеңкең,
Түнде – түсіңмін.
Өмір – базарым,
Өлім –ажалым.
Қағба – бағытым,
Алла – назарым.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі