Қобыз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қобыз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1469
Сенің үнің секілді менің үнім,
Елжіреуін қарашы, егілуін?
Жан баласын жанына ертпейтұғын
Жалғыздықта ақынның көңілі мұң...
Сенің үнің секілді бұлақ үні,
Бал тұмадан, сенбесең, сұра мұны?
Таңғы Азан да аулақтау даңғаза əннен
Жұрт жүрегін ұйытқан жұма күні.
Сенің үнің секілді аспан үні,
Жан мен рухқа жаназық қас қағымы.
Құдіреттің иесі – Хақ болмаса,
Хас өнердің бар дейсің басқа кімі?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері