Жұмбақ – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жұмбақ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 1
  • 0
  • 846
Бір жүректің табамын деп мың бабын,
Күн деп, түн деп тыншымадым, тынбадым.
«Тағдырыңа қылша мойным талша» деп
Қырдың қызыл қызғалдағын ұрладым.
Шықпен шайып, нұрмен жуып гүл бағын,
Құба таңда құстың үнін тыңдадым.
Жалт-жұлттанған жанарында жылғаның
Қозы-лақтай жамырады жырларым!
Қызығына, құзырына құлдадым
Мың бір түннің мың бір мақам ырғағын!
...Мен өмірден өтер ме екем арманда,
Шерменденің шеше алмастан жұмбағын?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері