Досқа – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Досқа» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 2
  • 1125
Жаныңмен жанын қосқандай,
Ниетін бал қып тосқандай,
Қабақтан танып қалпыңды,
Қалтқысыз ұққан дос қандай!
Күн көзін бұлттан ашқандай,
Жаны бар ашық аспандай,
Шеніңмен емес, сенімен,
Табысқан шіркін дос қандай!
Алдыңнан ажал тосқандай,
Айналаң үркіп босқандай.
Кезінде келіп қасыңнан
Табылған, шіркін, дос қандай!
Жаныңмен жанын қосқандай,
Ниетін бал қып тосқандай,
Қабақтан танып қалпыңды,
Қалтқысыз ұққан дос қандай!


Пікірлер (2)

Тұрсынғазы

Дос қандай әнінің композиторы және орындаушылар

Тұрсынғазы

Орындаушы,сазгер

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері