Жақсы адам деп мен айтсам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жақсы адам деп мен айтсам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 590
Жақсы адам деп мен айтсам,
Кей мұрттар кетер жыбырлап.
Тұтанғыш кейбір арулар
Тұра алмас тіпті шыбындап.
Жақсы адам деп мені айтса,
Ауызын тырнап ерінің,
Жоқты бар қылып жосылтып
Шүйірер білем ерінін.
Жақсыға құштар әркім-ақ
Жасырамыз несіне
Бірақ та бәрі болмайды
Сен ойлаған несібе.
Жақсыны танып жақсы деу
Адамдықтың белгісі.
Артықтығын өзгенің
Айтар тек пейлі кең кісі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері