Үміт – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Үміт» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 664
Жетеле мені, жақсы үміт,
Арманға алыс басташы.
Жанымды адал жақсы ұғып,
Күдікті кейін тасташы.
Түсірші сілкіп иықтан
Шоқпытын көне көңілдің.
Жүрекке жаңа құйып қан,
Шырағын жақшы өмірдің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері