Күдік – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Күдік» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 645
Жастықта аяқты сирек қой жүру тең басып,
Кетесің кейде аттап, алға асып,
Қаласың кейіндеп кем басып,
Бұралаң бұрысты өмірдің езі боп
Жатады қадамдар әр тұстан тоғысып, жалғасып.
Апайтөс батырдай кеудені желге ашып,
Аршынды жүйріктей жараған тақ асып,
Өмірге бөбектей тым аңқау қарасып...
Жатқан бір кең жайлау жомарттық,
дарқандық –
Жастыққа бәрі де тұрады жарасып.
Шағында марқайған, жантайған,
Тап болып әр пәле әр қайдан...
Көк дөнен көңілдің тізгінін уыстап,
Төмпешік төбе боп көрініп,
Орала береді ойыңа «әй, қайдам!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері