Түн – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Түн» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Жолдай-ақ түнек дүниеге
Ноқталап алып баратын,
Түн десе болды адамдар
Қақпайды қыран қанатын.
Алғаннан ба екен жарымын
Өмірдің, түнді жек керіп
Әйтеуір оны ұйқымен
Жібереді адам өткеріп.
О, өмір, жайын көп-ақ қой
Даралап қарар толғанып,
Ғашықтар күтеді асығып
Кеш батып, түннің болғанын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері