Қазақтың ақын бұлбұлы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қазақтың ақын бұлбұлы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 614
«Мекен қып сусыз аралды,
Амалсыз қонған қаз» едің.
Қанатын қомдап, көк шарлап,
Ұша алмай еркін наза едің.
Сабырмен күтіп «Сұңқарды»
Көрмедің жасып, бас иіп,
«Аралдан елсіз» құтқарды
Азаттық атты ақиық.
Еркіндік алып айдынның
Ақ төсін ерек шарладың.
Жаңарған байтақ елінде
Сандуғаш сынды сайрадың.
«Үлгілі сөздің» ұстасы,
Өнері асқан өрім ең.
Ертерек кеттің амал не,
Осынау сәнді өмірден.
Толқыған жүрек түбінен
Арналды сізге бұл жырым.
Гүл-жырға бөлеп өтерміз,
Қазақтың ақын бұлбұлын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері