Егізбіз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Егізбіз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 664
Бір жүзіктің көзіне
Сыйғанындай атымыз,
Егіз елдің қызымыз,
Егіз шыққан затымыз.
Өзіміз де егізбіз.
Қауыштырған отты шақ.
Құйылған болат мүсіндей,
Құрыштай біздің дос құшақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері