Ақынға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақынға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Әйел жаны сырға сараң, берік қой,
Сырға сабыр егіз сынды серік қой.
Кейбіреудің өзіменен мәңгілік
Кетеді ғой не бір сыры, көрікті ой.
Әлсіздікке саймаңыз сыр ақтарсам,
Отты жыры кеуделерге жаққан шам.
Жақсылығын айтып нұрын тасытып,
Бүгін сірә айып та емес мақтансам.
Тізіп, теріп жұрт айтқанды жаңалап,
Жатпайын мен ұлы адам не ғажап-ақ.
Деп иемін мен басымды өзіңе
Ақын аға, аяулы абзал азамат.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақынға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ақынға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақынға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақынға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері