Шолпан – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Шолпан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 822
Ақтоқтысың Ақан жанын
Жалыныңмен баураған.
От көзіңнің ұшқынынан
Өлік кеуде лаулаған.
Ақыл, мінез, көркіменен
Табындырған Абайды
Тоғжан да сен тал бойынан
Көктем ескен арайлы.
Самал болып аялаған,
Бала ноян Қозыны
Тұр-ау сенде
Ақ Баянның,
Маусым көркі, жаз үні.
Адам пенде махаббатын
Аспандатқан Еңліксің
Ер қаруы қолында ойнар
Тұла бойың ерліксің.
Ел тағдыры, ер намысы
Сынға түскен жорықта
Қобыландыға серік болған
Дана ару Құртқа –
Қазақтың бұл абзал жанды
Қыздарының тұлғасын
Нәзік сырын, пәк сезімін
Тал бойыңа жиғасың.
Бейнелеген сан ғасырлар
Армандаған сезімді,
Сияр деймін барлығынан
Дана десем өзіңді.
Өнерімен сүйсіндірген
Талғамы мол ортаны,
Жасай берші өскен қазақ
Өнерінің Шолпаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шолпан өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Шолпан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шолпан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шолпан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері